«Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу»
25.11.2026
2026 жылғы 25 қарашада бастауыш сынып мұғалімі Коржунбаева А.Т. 3-сыныпта математика пәнінен «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу тәсілдерін меңгерту, формулаларды қолдана отырып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушыларды қызықтыру мақсатында робот-архитектор Арчи қолданылды. Арчи оқушыларға түрлі тапсырмалар ұсынып, оларды сәулетші мамандығымен таныстырды. Оқушылар геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеп, ауданын есептеді, практикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Сабақта ойын технологиялары, көрнекілік, цифрлық құралдар және жасанды интеллект элементтері тиімді қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Сабақ мақсатына жетіп, оқушылар тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қолдануды үйренді.