23.01.2026
13 қаңтар күні мектебіміздің базасында «Кәсіптік бағдар беру – ынтымақтастық аумағы» атты диалогтік алаңы өтті. Іс-шараға өңірдің жетекші жоғары оқу орындары мен мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысты: Қостанай қаласындағы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Зұлхарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, сондай-ақ Жарқайың ауданы полиция бөлімінің, Жарқайың ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің және Державин станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің өкілдері.
Диалогтік алаңының бағдарламасы төмендегі үш бөлімнен тұрды: «Мотивация», «Диагностика» және «Практика».
Іс-шара меморандумдарға қол қоюмен қорытындыланды