Текст
09.01.2026
2026 жылғы 5–9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» республикалық олимпиадасының үшінші облыстық кезеңі өтті.
Аталған облыстық кезеңге «Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10 «Б» сынып оқушысы Хайришева Гаухар орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысты (пән мұғалімі – Жалилова Надежда Владимировна).
Олимпиада қорытындысы бойынша Гаухар I дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңнің жеңімпазы атанды.
Жеңімпазды осындай маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!