Текст
30.10.2025
Күзгі демалыс кезінде "Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ертегі кейіпкерлерінің поштасы» атты көңілді ойын ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқушылар өзіне ұнаған ертегі кейіпкерін таңдап, сол кейіпкер атынан достарына хат жазды. Хаттар арнайы «ертегі поштасы» арқылы жеткізілді. Шара оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, бір-біріне жылы лебіз білдіруге, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Балалар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.