«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астана қаласындағы республикалық семинар

21.10.2025

📘 Астана қаласындағы республикалық семинар
«Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың үрдістері мен даму перспективалары»

2025 жылғы 18–20 қазан аралығында №107 мектеп базасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктірген республикалық семинар өтті 💬

Мектебіміздің психолог-дефектологы Манатов Аслан Айтжанович семинарға «Бастауыш сынып жасындағы аутизм спектрі бұзылыстары бар балалардың сенсомоторлық функцияларын түзету сабақтарында дамыту» тақырыбындағы шеберлік сабағымен қатысып қайтты 🌿

Шеберлік сабағында АСБ бар балалардың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, көру-қимыл байланысын, кеңістікті қабылдауын және дене сезімін дамытуға бағытталған практикалық әдістер мен жаттығулар ұсынылды.

💡 Қатысушылар ұсынылған материалдың тәжірибелік маңыздылығын және оны балалармен жұмыс барысында қолдану мүмкіндігін атап өтті.

Просмотров: 1374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст