«Нан – ел байлығы»

21.10.2025

13 қазан күні 2 «Б» сыныбында «Нан – ел байлығы» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар «Нан қалай дастарханға келеді» атты презентацияны тамашалап, нанның пайда болуына үлес қосатын адамдардың мамандықтарын талқылады. Сынып жетекшісі Юхимчук Инна Ивановна нанның шығу тарихы, нан өнімдерінің алуан түрі және нанның әр адам, отбасы, ауыл, қала мен ел үшін маңызы туралы айтып берді. Оқушылар нанға ұқыпты қарау ережелерін қайталап, талқылады. Әрқайсысы нан бейнеленген сурет салып, оның маңызы мен пайдасы туралы әңгімеледі.

Просмотров: 951


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу