«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде аттестациядан өтетін мұғалімдермен кездесу–консультация өтті.

21.10.2025

Мектебімізде аттестациядан өтетін мұғалімдермен кездесу–консультация өтті.
Іс-шараның мақсаты – аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету болды.
Кездесу үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – ақпараттық блок, онда оқу ісі жөніндегі орынбасары 
Бажекенова  А.Т. аттестация талаптары мен критерийлерін таныстырды.
Екінші кезең – практикалық блок (интерактив), онда оқу ісі жөніндегі орынбасарлар Умирсейтова  А.К. және Бажекенова  А.Т. чек-лист бойынша әрбір мұғалімнің дайындық деңгейін бағалады.
Үшінші, қорытынды – консультациялық блокты мектептің педагог-психологы Манатов А.А. жүргізді. Ол авторлық материал дегеніміз не, педагогикалық тәжірибені қорыту мен тарату, әдістемелік жоба ұғымдарын түсіндірді.
Іс-шара соңында рефлексия кезеңі өткізілді. Нәтижесінде келесі қорытындылар жасалды:
* қатысушылар портфолионың құрылымы мен талаптарын түсінді;
* әрбір аттестациядан өтушінің жеке дайындығы тексерілді;
* әр педагогқа нақты ұсыныстар мен түзетулер берілді.
Жалпы шешім бойынша осындай форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланды.
Белсенділік танытқан ұстаздарымызға зор алғыс! Бүгін біз сіздердің аттестациядан сәтті өту жолындағы тағы бір маңызды қадамды бірге жасадық.

Просмотров: 875


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст