Текст
2025 жылдың 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Халықтар достастығы » атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.Кітап көрмесінде әр халық жазушыларының қызықты ертегілері қойылып,оқушылармен таныстырылды. Көрмені мектеп кітапханашысы Елькеева Ж.Т-мен педагог-психолог Кудерина Ш.Ш. бірлесе отырып дайындады.
Көрме оқушылардың патриоттық және ұлтаралық тәрбие беруіне елеулі үлес қосты. Көрмемен танысқаннан кейін, психолог оқушылармен интерактивті ойын өткізді.