Текст
26 сәуір күні Державин қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ мектебіміздің педагогикалық ұжымы мен түлектері қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Акцияның мақсаты — табиғатты қорғауға үндеу және қоғамда экологиялық сананы қалыптастыру болды.