Текст
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай "Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ мектеп кітапханашысы Елькеева Ж.Т.ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына арналған іс- шара өткізілді.
2 сәуір – әлемдік балалар әдебиетінің классигі Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні және бұл күн Халықаралық балалар кітабы күні ретінде аталып өтеді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – балаларды кітап оқуға баулу, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Бұл күн – балаларға әдебиет арқылы білім мен тәрбие берудің тамаша мүмкіндігі!