Текст
Бүгін, 28.11.24ж мектебімізде "Улы газдан сақтан!" атты акция өтті. Акция барысында Жарқайың ауданы ТЖБ-нің аға анықтаушы, лейтенант Мұстафин Сәлімжанмен кездесу ұйымдастырылды.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы танымдық әңгіме өткізілді, ал мұғалімдер үшін улы газға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында шағын әңгіме өткізілді.
Оқушылар мен мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби әрі сауатты жауаптар алды. Бұл тек білімді кеңейтіп қана қоймай, күнделікті өмірде мұқият және сақ болу қажеттілігін еске салды.
Мұстафин Сәлімжанға құнды кеңестері мен қауіпсіздікті арттыруға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
#Қауіпсіздік #ТЖБ #УлыГазданСақтан #Мектеп #Жарқайың