13 қараша күні «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ «Теңге» тақырыбында квест өткізілді. Квестке 5-11 сынып оқушылары қатысты. Квест 6 станциядан тұрды:
1. Теңгенің тарихы — тарих пәнінің мұғалімі Умирсеитова А. К.
2. Қазақстанның географиясы мен экономикасы — география пәнінің мұғалімдері Амандық Халибек және Храпак М. П.
3. Математика және валюта — жауапты мұғалімдер -Дуденко Т. В. және Ернар Сәрсенбі.
4. Практикалық тапсырмалар — информатика пәнінің мұғалімі Гарифуллин А. Н.
5. Мақал-мәтелдер — қазақ және орыс тілі пәнінің мұғалімдері Нурмагамбетова А. М. және Жалилова Н. В.
6. Жауаптармен ойын — психолог Кудерина Ш. Ш.
Барлық оқушылар белсенді қатысты, жеңімпаздар тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен балл санын ескере отырып анықталды, жүлделі орындар әрқайсысына тағайындалды.
#БіртұтасТәрбие #Теңге #ҚазақМектебі #Квест #ЖалпыБілім #ҚызықтыОқу #Тә
рбиеЖолы