Текст
“Бүгін, 2024 жылдың 29 қазанында, біздің мектепте бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында мектеп психологы тренинг өткізіп, маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, барлық балалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олар үшін жайлы оқу ортасын құруға бағытталған инклюзия жобасы іске қосылды. Мұғалімдер тең және қолжетімді білім беру мақсатында маңызды мәселелерді талқылады.
#Педсовет2024 #Инклюзия”