Текст
10 қазан 2024 жылы, "Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-де ИҚК салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шараға Жарқайың ауданы білім бөлімінің басшысы Нурпейсова Г.К, АӘБ басшысы Исаева Г.Ж., және инклюзия жұмысы бойынша әдіскері Маржина С.Р. қатысты.
Мерекеге балалар мен олардың ата-аналары қатысып концерт тамашалады. Салтанатты бөлімнен кейін қызыл лента қиылды. Қатысушылар дәстүрлі шашуға және жаңа кабинетті таныстыру экскурсиясына шақырылды.
ИҚК кабинетінің меңгерушісі Күдерина Ш.Ш., дефектолог маманы Манатов А.А. және логопед маманы Бимендина Э.К білім беру кеңістігінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.